Тәуелсіздік-30: Ақмола облысында өнеркәсіп мен индустрия қалай дамыды?

7 Маусым 2021, 19:16
4243
Бөлісу:
Тәуелсіздік-30: Ақмола облысында өнеркәсіп мен индустрия қалай дамыды?
Сұхбат

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Ақмола өңірінде индустриялық сектор саласында 35 ірі және орташа өнеркәсіптік кәсіпорын құрылды. Олардың арасында халықаралық стандарттарға сай келетін жоғары технологиялық зауыттар мен фабрикалар бар. Өңірде индустрия мен кәсіпкерлікті дамытуда қандай қадамдар жасалды? Бұл туралы Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов айтып берді.

 – Ербол Амангелдіұлы, әңгімені осы кезең ішіндегі тауарлық өнім өндірісінің өсімінен бастасақ...

– Тауар өнімдерін өндіру 1991 жылдан бастап 2020 жылы 10 млн теңгеден 1,021 трлн теңгеге дейін өсті. 30 жыл бұрын өңдеу саласының үлесі 60%-ды құрады, ал бүгінгі күні 80%-дан асады. Әрине, өндірістің жеке көрсеткіштерін салыстыруға болады. Мәселен, өңірде 1991 жылы барлығы 30 тонна подшипник өндірілді. Ал 2020 жылы олардың өндірісі 21 мың тоннаны құрады. Алтын өндіретін «Алтынтау Көкшетау» АҚ, «Kazakhaltyn Technology», «RG Gold» ЖШС, «Қазақалтын ТКМК» АҚ сияқты кәсіпорындардың өнім көлемі 752 кг-нан 32,6 тоннаға дейін өсті. Жүк және мамандандырылған автомобильдерді құрастыру 15 жыл ішінде жылына 144 бірліктен 1200 бірлікке дейін өсті. Тау-кен металлургия кешенінде құрамында алтыны бар кен өндірісінің ұлғаюына 2010 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Алтынтау Көкшетау» АҚ-ның Васильков кен орнында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде алтын өндіру фабрикасының іске қосылуы ықпал етті. Өңірде электровоздарды жөндеу бойынша қызметтер көрсетіледі. Ауыр жүк автомобильдері, комбайндар, пресс-жинаушылар және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары шығарылады. Осылайша, 2016 жылы «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС қуаттылығы жылына 4,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы және коммуналдық техника шығаратын Қазақстан-Беларусь индустриялық-технологиялық паркі, жылына 500 астық жинайтын комбайн өндіруге қауқарлы «KazRost Engineering» өндірісі іске қосылды.

Тәуелсіздік-30: Ақмола облысында өнеркәсіп мен индустрия қалай дамыды?

– Ақмола облысы Қазақстанның ірі агроөнеркәсіптік өңірі болып табылады. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаншалықты үлес қосылуда?

– Бүгінгі таңда ақмолалық тауар өндірушілердің өндірісі облыс халқының қажеттіліктерін толық қамтып қана қоймай, ел нарығына шығып отыр. Айталық, жұмыртқа өндіру бойынша 4,1 есе, құс еті бойынша 4,6, ірі қара мал еті бойынша 1,6, ұн бойынша 46,8, құс еті бойынша 4,6, сүт және сүт өнімдері бойынша 2,9, картоп бойынша 3,8 есеге артты.

– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде өңір өндірістің түрлі салаларында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді дейсіз ғой?

– Ақмола облысы елімізде подшипниктер өндірісінің 100%, мамандандырылған автомобильдердің 75%, астық жинайтын комбайндардың 53,6%, құрамында алтыны бар кендердің 47,6%, тракторлардың 33,6%, өңделмеген алтынның 30%, құс етінің 23,2%, полипропилен қаптарының 21,7%, өңделген сүттің 15,9%, керамикалық кірпіштердің 14,2%, жүк автомобильдерінің 11%, уранның 10%, құрамында алтыны бар концентраттың 9% қамтып отыр.

– Облыста инвестициялау жағдайы қай деңгейде?

– Тәуелсіздік жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1991 жылғы 3,7 млн теңгеден 2020 жылы 426 млрд теңгеге дейін өсті. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі шамамен 500 млрд теңгені құрайды. Инвестициялар көлемінің өсуіне негізінен инвестициялық жобаларды іске асыру ықпал етері сөзсіз. Тәуелсіздік жылдары өңірдің өнеркәсіп саласында 530,3 млрд теңгегенің 239 жобасы жүзеге асырылды. 13,3 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.  Соның ішінде индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде (2010-2020 жылдар) 103 жоба іске қосылды.

– Бұл жобалардың қайсысы маңызды саналады?

– Ең маңызды жобалар Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір аясында іске қосылды. Бұл – 13,1 млрд теңгеге Степногорск қаласындағы жылына 180 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы күкірт қышқылы зауытын, 15,1 млрд теңгеге жылына 20 мың тоннаға дейін өнім өндіретін Capital Projects Ltd» бройлерлік құс фабрикасын және 30,6 млрд теңгеге Ақсу, Бестөбе және Жолымбет кеніштеріндегі қуаттылығы 4,1 тоннаға дейін алтын өндіру фабрикаларын қайта жаңғырту жобалары болып отыр.

Тәуелсіздік-30: Ақмола облысында өнеркәсіп мен индустрия қалай дамыды?

«БИГ-БЭГ» типіндегі полипропиленнен жасалған қаптамалар; соя майы, қияр, қызанақ, жасыл желек өндірісі, алкогольсіз сусындар, бетон бұйымдар, қорғаныс және авиация, темір жол көлігіне арналған құйма өндірісі, мұнай-газ кешені, халық тұтынатын тауарлар, күкірт қышқылы, суда ыдырайтын түйіршіктер түріндегі пестицидтер, ауыл шаруашылығы техникасы, аяқ киім, калий тұзы, құрамында глифосаты бар гербицидтер сияқты көптеген маңызды жобаны іске асырудың арқасында жаңа тауарлар өндірісі игерілді.

– Ақмола облысы осы уақыт ішінде кәсіпкерлікті дамытуда қандай жетістіктерге қол жеткізді?

– Бұл саладағы жетістіктер де өте маңызды. Бұл туралы шағын және орта бизнес дамуының негізгі көрсеткіштерінің өсуі бойынша айтуға болады. Мәселен, 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 51,6 есе өсіммен 1,04 мыңнан 53,7 мың бірлікке дейін өсті. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 46 есе өсіммен 1,02 мыңнан 46,9 мыңға дейін артты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 129,9 адамға дейін өсті. Бұл экономикалық белсенді халықтың 32,2%-ын құрайды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өнім шығару 929 млрд теңгеге дейін немесе 2005 жылдан 2020 жылға дейін 13,2 есеге ұлғайды. Сонымен қатар жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі осы жылдар ішінде 26,2%-ды құрап, 1,3 есеге ұлғайды.

– Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында осындай көрсеткіштерде қол жеткізілді деп айтуға бола ма?

– Елбасы бастамашылық еткен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың арқасында көптеген бизнес-жобаларды іске асыруға қол жеткізілді. Мысалы, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыру кезінде 2010 жылдан бастап 2021 жылдың 1 мамырына дейін облыста 184,1 млрд теңгенің 2 287 жобасы мақұлданды.

«Еңбек» бағдарламасын іске асыру кезеңінде қалалар мен моноқалаларда микрокредиттеудің екінші бағыты шеңберінде 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін облыста 3,5 млрд теңгенің 293 жобасы қаржыландырылды.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ШОБ субъектілерінен облыс бюджетіне 23,2 млрд теңге түсті. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 33,4%-ға жоғары және салық түсімдерінің жалпы үлесінде 30,1%-ды құрады.

– Жақын арада өңірде қандай жобаларды іске асыру жоспарланып отыр?

– Биылғы жылдың соңына дейін жалпы инвестиция сомасы 178,5 млрд теңгені құрайтын 27 индустриялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл мемлекеттік бағдарламалар мен бизнес-бастамалар шеңберінде 1,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Ең ірі жобалар: 129,3 млрд теңгеге Степногорск қаласындағы өнімділігі жылына 5 млн тонна «Ақсу Technology» ЖШС-нің құрылысы, Ерейментау ауданында 26,6 млрд теңгеге қуаты 50 МВт «Ereymentau Wind Power» ЖШС-нің жел электр станциясы, Аршалы ауданында 8,5 млрд теңгеге жылына 6000 тонна ет өндіруге қауқарлы«Ақ-Дала Агро» ЖШС құс фабрикасының үшінші кезеңі, 5 млрд теңгеге ENKI ЖШС-нің керамикалық кірпіш шығаратын өндірістік кешенін іске қосу болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы