Елордада Тәшенов пен Бараев көшелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

7 Маусым 2021, 19:01
1632
Бөлісу:
Елордада Тәшенов пен Бараев көшелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташенов көшесінен Бараев көшесіне дейінгі учаскеде нөсер кәрізінің магистральдық коллекторын салу жұмыстары жүргізіледі. 

Осыған байланысты Республика даңғылының оң жақ бұрылысындағы ҚР Қарулы Күштері ұлттық әскери-патриоттық орталығы аумағында, яғни Тәшенов пен Бараев көшелерінің түйіскен тұсы 2021 жылдың 8 маусымы мен 4 шілдесі аралығында жабылатын болады. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада Тәшенов пен Бараев көшелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Көлік қозғалысы тиісті жол белгілерін орнату арқылы уақытша схема бойынша жабық учаскені айналып өту үшін ұйымдастырылады.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін көлік жүргізушілеріне өз маршруттарын алдын ала жоспарлау керектігін еске салады.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне барынша мұқият бола отырып және Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, уақытша схема бойынша белгіленген жол белгілерін ескере отырып жүру керек. Бұл маңайда рұқсат етілген көлік жылдамдығы - 40 км/сағ, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы