Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын - Аймағамбетов

25 Қазан 2022, 11:28
2416
Бөлісу:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын - Аймағамбетов

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Республика күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республика күні құтты болсын!
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл - еліміздің тәуелсіздігінің құқықтық және саяси негізін қалыптастырған тарихи құжат.

Осындай айтулы мереке қарсаңында ұстаздар, тәрбиешілер, кітапханашылар және басқа да білім саласының қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Соның ішінде Мемлекет басшысының қолынан ең жоғары марапатты алды.

Білім беру ұйымдарында мерекеге орай түрлі іс-шаралар өткізілді.

Сонымен қатар Республика күні қарсаңында оқушыларымыз бен колледж түлектеріміз жақсы жаңалықтарымын қуантты.

Женевада өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE дүниежүзілік робототехника жарысында оқушыларымыз жеңіске жетіп, рекорд орнатты.

Ал колледж түлегі Дина Афанасьева Коян қаласында (Оңтүстік Корея) өткен WorldSkills Competition 2022 Special Edition жарысында Қазақстанның осындай беделді әлем чемпионатына қатысу тарихында алғаш рет қола медаль жеңіп алды.

Оқушыларымыз бен студенттеріміздің жыл сайын еліміздің туын халықаралық тұғырларда абыроймен таныта беруіне тілектеспін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын! Еліміздің іргесі тыныш, әрқашан татулық, бірлік пен келісім болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, бақыт тілеймін!

Республика күні құтты болсын!

Өзгелердің жаңалығы