Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің жаңа шекті бағалары бекітілді

4 Маусым 2021, 13:02
1172
Бөлісу:
Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің жаңа шекті бағалары бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканы ішкі газбен жабдықтау жүзеге асырылатын негізгі магистральдар белгіленген ресурстарын өтеді және диагностикалық тексерістердің нәтижесі бойынша олардың тозу деңгейі жоғары. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тек өңірлер бөлінісінде ғана емес, ел ауқымында да стратегиялық маңызды газ инфрақұрылымының 70%-ның пайдалану мерзімі 40 жылдан асады, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР заңнамасына сәйкес тауарлық газдың көтерме сауда бағасын мемлекеттік реттеуді Энергетика министрлігі, ал бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеуді Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады.

Ішкі нарықта газдың соңғы бағасын ұстап тұру үшін «ҚазТрансГаз» АҚ жыл сайын елдің ішкі нарығын экспорт есебінен субсидиялайды.

2015-2020 жылдар аралығында Ұлттық оператордың ішкі нарықты субсидиялаудан шеккен шығындар сомасы шамамен 425 млрд теңгені құрады.

Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары соңғы рет 2019 жылғы 1 қаңтарда түзетілген болатын, ол кезде бағалар өңірге байланысты 3,8%-дан 17,5%-ға дейін төмендетілді және осы уақытқа дейін көтерілген жоқ.

Қазіргі уақытта ішкі нарықта бекітілген тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағалары жеткізілетін газдың өзіндік құнынан төмен. Әртүрлі облыстарда бекітілген көтерме сауда бағалары өзіндік құнынан 1,5-нан 2,5 есеге дейін төмен.

Осыған байланысты, тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын қазіргі деңгейде бекіткен жағдайда Ұлттық оператордың шығындары ұлғаяр еді, ал инвестициялық бағдарламалардың орындалмауы ақыр соңында газ құбырларының шектік ақаулар санының артуына әкеп соғады, бұл елімізге орны толмас нұқсан келтірері сөзсіз, - делінген ақпаратта.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2021 жылғы

1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары өңірге байланысты орта есеппен 11%-ға көтерілді.

 

 


Өзгелердің жаңалығы