Тауарлардың транзиті кезінде автокөлікті электронды кедендік сүйемелдеу енгізілді

22 Қазан 2021, 11:40
4639
Бөлісу:
Тауарлардың транзиті кезінде автокөлікті электронды кедендік сүйемелдеу енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Электронды кедендік сүйемелдеу кедендік транзит рәсіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларды тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдануды көздейді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Бұл шара тәуекелдерді басқару жүйесінің және «жасыл» аймақта орналасқан қазақстандық импорттаушылардың мекенжайына әкелінетін ұсынымдары негізінде қолданылатын болады.

Мұндай импорттаушыларға «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1241 бұйрығына енгізілген салық төлеушілер жатады.

Электронды кедендік сүйемелдеу транзит кезіндегі кедендік операцияларды барынша оңайлатады, шекарадан өту уақытын қысқартады және «ашықтық» және заңнама талаптарын сақтау қағидаттарында бизнес құратын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қаржылық шығындарды айтарлықтай азайтады.

Көрсетілген шараларды енгізу «Көлік құралдарын электрондық кедендік сүйемелдеуді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 407 бұйрық негізінде мүмкін болды.

Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде іріктелген және электрондық кедендік алып жүру жүйесін таңдаған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тиісті кеден органына және «Silk Way monitoring» ЖШС айқындалған навигациялық пломбаларды қадағалау жөніндегі операторға жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы