Тауар тасымалы: Сарапшы Ресей нарығының қысымынан шығу жолдарын атады

29 Маусым 2022, 13:28
1424
Бөлісу:
Тауар тасымалы: Сарапшы Ресей нарығының қысымынан шығу жолдарын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова айтты.

Біздің мақсат Каспий теңізі  арқылы Иран мен Түркия және т.б мемлекеттердің нарығына шығу. Оның ішінде Қара теңізге шығу да көзделіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран еліне сапары осы мәселесі шешу бағытындағы жұмыстың көрінісі деп білемін. Ресейден бөлек, осы бағыт қарастырылып жатыр. Қытайдың да мәселесі күрделі. Өздеріңізге мәлім, «бір белдеу – бір жол» жобасы толық жұмыс істемей тұр. Ол қазір балама ретінде теміржол, тас жолдар арқылы қарастырылып отырған жайы бар, - деді сарапшы.

Назарбетованың атап өтуінше, ең басты мәселе - тауарларды тасымалдау.Тауарлардың санкцияға байланысты Ресеймен өтуі қиындаған. Оны әрбір мемлекет түсініп отыр. Сол себепті мемлекет басшылары талдамалық- сараптамалық құрылымдар арқылы қандай мүмкіндіктер бар екенін жан-жақты қарастыруда.

Әрбір мемлекет өзінің ұлттық мүдделері мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтасыз ету үшін және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында әртүрлі балама жолдарды қарастырады. Әрине, Қазақстан көп векторлы саясат ұстанады, дегенмен оның кейбір бағыттарына жіті көңіл бөлуінуі тиіс деп ойлаймын. Өздеріңізге мәлім, бүгін Каспий мемлекеттерінің саммиті өтіп жатыр. Бұл біздің Каспий теңізінің әлеуетін толық пайдалану үшін мүдделі екеніміздің белгісі. Ал бүгінгі өткізіліп отырған конференция Орталық Азияның мүмкіндіктерін қарастыруға арналып отыр. Әрине, бүгінгі отырыста біртұтас аумақ елдері ретінде әрбір мемлекеттің өз тарапынан қызғушылықтары бар, - деді Әсел Назарбетова.

Спикер Өзбекстан тарапынан қолған алынып отырған бағыттың бірі оңтүстік Азия нарығына шығу екенін айтты.

Бұл бүгінгі іс-шарадағы Өзбекстан тарапының күн тәртібінде тұрған негізгі мәселесі деп ойлаймыз. Ол жерде, әрине  Ауғанстандағы жағдайға көп көңіл бөлінетіні анық. Егер Ауғанстандағы саяси-әлеуметтік мәселелер шешімін табатын болса, біздің мемлекеттеріміз оңтүстік Азияға шығуға мүмкіндік алады. Орта Азия мемлекеттері құрлықта орналасқан мемлекет. Теңізге шығу жолдары күрделі  мәселе екенін белгілі. Сол себепті біз көлік-дәліз жолдарының талықыға салып, ой алмасу маңызды, - деді Әсел Назарбетова «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» атты конференцияда. 

Өзгелердің жаңалығы