Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тау-кенге арналған цифрлық стартаптар 5 млрд теңге табыс әкелді

Жансая ҚАМБАР
22 Шілде 2025, 10:58
632
Бөлісу:
 cryptocurrency.tech
Фото: cryptocurrency.tech

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министр Astana Hub экожүйесінде тау-кен саласы үшін цифрлық шешімдер жасайтын стартаптар мен компаниялардың белсенді дамып келе жатқанын атады.

Технопаркке қатысқан сәттен бастап компаниялар 5 млрд теңгеден астам ақша тауып, 100-ден астам жұмыс орнын ашты, - деді Жаслан Мәдиев.

Министр тау-кен саласы үшін цифрлық шешімдер жасайтын жобаларды таныстырды.

Өндірісті жоспарлау мен басқаруға арналған бағдарламалық жасақтама мен платформалар, кен орындарының сандық егіздері, мониторинг және талдау жүйелері, өндірістің тиімділігін арттыруға және нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған инновациялық құралдар, - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2025 жылы елімізде мыс өңдеу екі есе ұлғаймақ.

Өзгелердің жаңалығы