Тасжолдарды реконструкциялау сапалы аяқталу қажет – Әлихан Смайылов

1 Желтоқсан 2023, 18:08
452
Бөлісу:
Тасжолдарды реконструкциялау сапалы аяқталу қажет – Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың CITIC Construction компаниясының бірінші вице-президенті Ян Цзяньцянмен кездесуі барысында «Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» республикалық автожолдарын күрделі жөндеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет басшысы аталған ірі жобалардың уақтылы аяқталуын және сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Келесі маусымдағы жұмыстар үшін жол-құрылыс материалдарын, оның ішінде қиыршық тас пен битумды алдын ала дайындау қажет. Қосалқы мердігерлік ұйымдар да осындай жұмыс жүргізуі тиіс, - деді Әлихан Смайылов.

Тасжолдарды реконструкциялау сапалы аяқталу қажет – Әлихан Смайылов

Сонымен қатар Премьер-Министр жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарды қыста күтіп ұстау жұмыстарын бақылауға алу қажеттігіне де тоқталды.

Кездесу барысында CITIC Construction компаниясының Қазақстан аумағындағы басқа да автожол жобаларына қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ компанияның өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларды іске қосу бастамалары талқыланды.

Орталық мемлекеттік органдар тарапынан тиісті жобаларды пысықтауда қажетті қолдау көрсетілетіні атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы