Тасжолда көлік қағып кеткен шығысқазақстандық салт атты қайтыс болды

23 Қараша 2019, 13:10
6253
Бөлісу:
Тасжолда көлік қағып кеткен шығысқазақстандық салт атты қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қарашада Омбы-Майқапшағай тасжолының бойындағы Жарма ауданының Бірлік елдімекенінде сағат 21.30-да аттың үстінде бара жатқан ер адамды көлік қағып өлтірді. 

Honda Odessey көлігінің жүргізушісі 1974 жылы туған. Ол Семейден Қалбатауға қарай бағыт алған. 

Тасжолда аттың үстінде бара жатқан адамды қағып кеткен. Жүргінші көліктің жақын келе жатқанына қарамастан, жолды кесіп өтпек болған. Салдарынан 1977 жылы туған ер адам оқиға орнында қайтыс болады, - деп хабарлады "ҚазАвтожол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Өзгелердің жаңалығы