Тасымалдаушыларға 700 млн теңгеден астам қаражат төленді

31 Қазан 2023, 19:12
682
Бөлісу:
Тасымалдаушыларға 700 млн теңгеден астам қаражат төленді
Фото: Арман Мухатов - архив

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарында тасымалдау бойынша 900 млн теңгеден астам субсидия төлемеу фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскемен қаласының прокуратурасы жүргізген талдау барысында қалалық тұрғын-үй шаруашылығы бөлімі облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын жүзеге асыратын тасымалдаушылармен жасалған шығындарды субсидиялауға арналған шарттар шеңберінде кәсіпкерлерге 900 млн теңгеден астам сома төленбегенін және орындалған жұмыстар туралы есептерді олар жергілікті атқарушы органға белгіленген мерзімде ұсынғанын анықтады.

Тасымалдаудың көрсетілген түріне барлығы 8 кәсіпкерлік субъектісімен шарттар жасалған.

Осы фактілер бойынша Өскемен қаласының прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, нәтижесінде тасымалдаушыларға 700 млн теңгеден астам субсидия төленді. Қалған қарыз сомасын өтеу жалғасуда және қала прокуратурасының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы