Жаңаөзенде үйлердің арасынан тастанды сәби табылды

13 Қыркүйек 2020, 16:10
1925
Бөлісу:
Жаңаөзенде үйлердің арасынан тастанды сәби табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзенде көшеден табылған жаңа туған нәрестенің анасы іздестірілуде.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, 11 қыркүйекте сағат 23:00 шамасында Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен қоңырау шалынып, қаладағы үйлердің бірінің маңынан жаңа туған сәби табылғандығы хабарланған.

000284832380ad26f733eca015c96e59.jpeg

Аталмыш дерек Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. 

Қазір баланың анасын табуға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Баланың дені сау. Ол Жаңаөзен қалалық перзентхана бөлімінде жатыр, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы