Тасқын сулар табиғи көлдер мен лиманды суару жүйелеріне жіберіліп жатыр

25 Сәуір 2024, 17:12
563
Бөлісу:
Тасқын сулар табиғи көлдер мен лиманды суару жүйелеріне жіберіліп жатыр
Фото: скрин

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында сөз алған Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева тасқын суларды қалай пайдаланып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балқаш көлінің су деңгейі орта есеппен 15 сантиметрге көтерілді. Егер 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, қазір бұл көрсеткіш 174 см-ге жетті. «Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалы Ресейден келген тасқын суының 30 млн текше метрін облыстағы Қамыс-Самар көлдеріне жіберді. Айта кету керек, соңғы 20 жылда бұл көлдерге су бармаған. Бұдан бөлек, «Қазсушар» мамандары соңғы жылдары құрғауға айналған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына тасқын суын жіберуге ниетті,- деді ол.

Сонымен қатар «Қазсушардың» Батыс Қазақстан филиалы Жәнібек сорғы станциясын іске қосу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.

Нысан Ресей Федерациясының Волгоград облысынан келген суды Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарының 9 ауылдық округінің аумағына айдайды, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі.

Ал, Павлодар облысы бойынша Шідерті лиманды суару жүйесіне су жіберу жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 40 млн текше метр су жиналды, 11,5 мың гектар лиман сағасы суланды. Сондай-ақ Көлбай лиманды суару жүйесін де суландыру жұмысы жүріп жатыр. Шамамен лиманның 800 гектары қамтылды.

«Қазсушардың» Батыс Қазақстан филиалы Жәнібек сорғы станциясын іске қосу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Нысан Ресей Федерациясының Волгоград облысынан келген суды Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарының 9 ауылдық округінің аумағына айдайды. Биыл 25,8 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы