Тасмағамбетовтің қызметін кім атқарып жатқаны белгілі болды

19 Желтоқсан 2019, 13:44
5815
Бөлісу:
Тасмағамбетовтің қызметін кім атқарып жатқаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін кім атқарып жатқанын айтты, деп хабарлады Baigenews.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сенімді өкілі, кеңесші-елші, елшіліктегі екінші адам - Нұржан Каджиақбаров. Мен кеше арнайы бұйрық шығардым. Ол жаңа елші тағайындалып, Ресей президентіне сенім грамотасын тапсырғанға дейін, ол елші міндетін атқарушы болады, - деп түсіндірді Мұхтар Тілеуберді.  

Сонымен қатар, министр Иманғали Тасмағамбетовтің қызметінен өз еркімен кеткені жайлы айтты.

Ол өз еркімен және зейнет жасына толуына байланысты қызметінен кетті. Менің түсінуімше, ол Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қалмайды, - деді Мұхтар Тілеуберді. 
Айта кетейік, 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов зейнетке шығуына байланысты қызметінен кеткен болатын.
Өзгелердің жаңалығы