Ташкентте Тоқаев пен Мирзиёевтің кездесуі өтіп жатыр

15 Сәуір 2019, 12:51
4135
Бөлісу:
Ташкентте Тоқаев пен Мирзиёевтің кездесуі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев «Көксарай» президент резиденциясында кездесу өткізіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер барысында екі елдің көшбасшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ өзекті аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. 

Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 14 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барды.

Өзгелердің жаңалығы