Ташкентте өтетін чемпионатқа Илья Ильин қатысады

7 Ақпан 2020, 23:15
1595
Бөлісу:
Ташкентте өтетін чемпионатқа Илья Ильин қатысады

Алматы, BAQ.KZ. 8 ақпан күні Ташкентте ауыр атлетикадан халықаралық біріншілік басталады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Аталған байрақты бәсекеге еліміздің атлеттері де қатысады. Қазір сайысқа дайындық кезең аяқталды. Команданың жаттығуы Шымкент маңында орналасқан жаңа базада өтті. 

Өзбекстан астанасында өтетін чемпионатқа еліміздің төрт атлеті қатысады. Олардың қатарында Игорь Сон – 61 кг дейін, Илья Ильин – 102 кг дейін, Ибрагим Берсанов - 109 кг дейін және 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Раушан Мешітханова бар. 

Турнир ақпан айының 12-не дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы