Тас жол бойында көкпар тартқандарға айыппұл салынды

2 Қыркүйек 2020, 02:36
1545
Бөлісу:
Тас жол бойында көкпар тартқандарға айыппұл салынды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерді тұрақты мониторингілеу барысында Қарасай ауданындағы автожол бойында бір топ адамның көкпар ұйымдастырған бейнежазбасы анықталды.


Polisia.kz порталының хабарлауынша, бейнежазбада 20-30 адамнан құралған топ жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, Қарасай ауданының Бұлақты ауылының маңындағы "Алматы – Бішкек автожолы" бойында рұқсатсыз көкпар тартқан.

Полиция қызметкерлері жолда жарыс ұйымдастырушыларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде, ат спортын ұйымдастырған Бұлақты кентінің 8 тұрғыны ұсталды. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 434-бабының 1-бөлігіне ("Ұсақ бұзақылық") сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы