Тәртіпсіздіктердегі қылмыскерлерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жаңа сайт ашылды

13 Қаңтар 2022, 10:05
1192
Бөлісу:
Тәртіпсіздіктердегі қылмыскерлерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жаңа сайт ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz  веб-сайтты іске қосты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады. 

Бұл сайтта азаматтар осы жылы орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады. Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар азаматтарға Call-center-115 нөміріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз.

Өзгелердің жаңалығы