Төтенше жағдай. ТарМПУ оқу төлемін төлеу уақытын шегерді

23 Сәуір 2020, 10:17
2812
Бөлісу:
Төтенше жағдай. ТарМПУ оқу төлемін төлеу уақытын шегерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезеңіндегі қашықтан білім алу процесі жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатыр.

Төлемақыны төлеу тәртібі төтенше жадайларға байланысты табысынан айырылған отбасынан шыққан студенттер үшін жаз айларына жылжиды – деді Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы.

Осы уақыт ішінде университет студенттерінің тарапынан біршама сұрақтар қойылып, кері байланыс процесі жүзеге асырылды.

Қашықтан білім алу жағдайында біршама студенттер төлемақы тәртібі турасындағы сауалдармен жүгінеді.

Қазіргі таңда жұмыстарынан қысқартылған немесе кәсіпорындарда қызмет жасап, бүгінде табыс көзінен айырылған ата – аналар бар. Бірқатар студенттеріміз де қосымша жұмыс жасап, өз оқу ақыларын өздері өтеп жүр. Мұндай студенттердің категориясына да біз әлеуметтік жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысының салиқалы саясатымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұстанып отырған ұстанымдарының негізінде, төлемақыны кейінгі шегеруге шешім қабылдадық. Бастапқы ережеге сәйкес студенттер сессия уақытына дейін төлемақыны толық төлеу керек. Алайда, төтенше жағдайға байланысты, расында да табыс көзінен айырылған отбасыдан шыққан студенттер болса, студенттің жеке жағдайларын негізге ала отырып, төлемақыны жаз айларына қалдыруды қамтамасыз етеміз - деді Ержан Әмірбекұлы:

Атап кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің емтихан тапсыру және дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірленген. Бұл құжат студенттер тарапынан қойылатын көптеген өзекті сұрақтарға жауап береді.
Өзгелердің жаңалығы