Тарихта алғаш рет болып отыр: Қорғаныс министрлігі әскери шақыртуға қатысты

4 Мамыр 2020, 11:10
9306
Бөлісу:
Тарихта алғаш рет болып отыр: Қорғаныс министрлігі әскери шақыртуға қатысты
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көктемгі әскери шақыруды аяқтау үшін 17 мың азамат шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастысы Сәкен Жүсіпов айтты.

Әскери қызметшілерді запасқа тоқтата тұру және азаматтарды әскерге шақыру мерзімін ауыстыру туралы шешім біздің мемлекетіміздің тарихында алғаш рет қабылданып отыр және ол біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп атап көрсетті Жүсіпов.
Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бастап қарулв күштер әртүрлі міндеттерді белсене атқаруда. Бүгінгі таңда 9500 әскери қызметші патрульдеуді, дезинфекция жұмыстарын және басқа да міндеттерді іске асырып жатыр екен.

Оның айтуынша, көктемгі әскери шақыруды аяқтау үшін 17 мың азамат шақыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ қарулы күштерде мерзімді әскери қызметтен босаған сарбаздардың қауіпсіздігін сақтау бойынша да бірқатар шара қабылданып жатыр.
Одан бөлек, жергілікті атқарушы органдар әскери қызметке шақырылған азаматтарды ПТР-тесттерден өткізіп, шақырылушыларды хабарландыру мен жинау, медициналық куәландыру кезінде, жинау мен аттандыру бекеттерінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптың сақталуын қадағалауы керек, - деді департамент басшысы.
Айта кетейік, бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Өзгелердің жаңалығы