Тарихымызды Ресей империясы және Кеңес үкіметімен байланыстыру дұрыс емес – Перуашев

26 Тамыз 2022, 15:09
3306
Бөлісу:
Тарихымызды Ресей империясы және Кеңес үкіметімен байланыстыру дұрыс емес – Перуашев

Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев «Алаш Республикасының 105 жылдығы және Қазақ Конституциясының қайнар көздері: жаңа дереккөздер, зерттеудің мәселелері мен болашағы» жайлы  халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алаш автономиясы деп емес, Алаш республикасы деп айтуымыз керек. Ата-бабаларымыздың еңбегін бағалауымыз керек. Мемлекет басшысы Құрылтайда «Қазақстан тарихының» көп томдығы әзірленіп жатқанын айтты. Бұл не үшін маңызды болып отыр? Себебі біз әлі күнге дейін өз тарихымызды Ресеймен байланыстырып, тоталитарлық жүйемен байланыстырып қараймыз. Бұл – қате. Ресей империясына, Кеңес үкіметіне дейін де біздің тарихымыз болды, - деді Перуашев. 

Оның айтуынша, «Ақ жол» партиясы Алаш қозғалысының мұрасын тарихи мирас деп есептейді. 

Алаш республикасы Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қарлығашы болған. Біз оны осы тұрғыдан қарастыруымыз керек. Алаш идеясы бізді еркін, егемен, демократиялы қазақ республикасына жеткізуі керек, - деді Азат Перуашев.

Айта кетейік, конференцияға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Жапония, Польша елдерінің ғалымдары онлайн форматта қатысты. 

 

Өзгелердің жаңалығы