Тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлы Израиль мен Палестина Ресей мен ұжымдық батыстың арасындағы күрестің құрбаны екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін еврей халқына үш жер ұсынылды. Ұсыныста оңтүстік және орталық африканың бос жерлері және қазіргі Иерусалим маңайы еді. Африкадағы жерлер құнарлы болғанымен еврей басшылары бұған келіспеді. Кейін БҰҰ-ның қарарымен 1947 жылы қазіргі Палестина жерінде Израиль мемлекеті құрылды, – деді ол.
Тарихшының сөзінше, бұл мәселеде біржағына шығып “мынанікі дұрыс” деуден аулақ болу керек. Өйткені бұл - өте күрделі саясат.
Мысалы, Израиль мемлекетін құруға осы уақытқа дейін атсалысып келе жатқан АҚШ-тың билігінде отырған еврейлердің үлесі көп. Ал ХАМАС-тың артында тұрған басқа да араб елдері, олар Израильдің аумақта дамып, терриориясының кеңейгенін қаламайды. Сондықтан «мына елдікі дұрыс емес» деп қаралау дұрыс емес, – деді Аққұлұлы.