Тарих шежіресін қастерлеу азаматтық парызымыз - Күрішбаев

23 Желтоқсан 2022, 18:25
1159
Бөлісу:
Тарих шежіресін қастерлеу азаматтық парызымыз - Күрішбаев

Бұл туралы экс-депутат Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Бұл өткенімізге деген үлкен құрметтің белгісі. Ұлы Даланы дүрліктіріп, барыс жылының басында болған оқиға қазақ елінің тұтастығына, бірлігіне сын болғанын бәріміз көрдік, ауыртпалығын жүрекпен сезіндік. Қаңтар қасіреті баршамыз үшін сынақ қана емес, үлкен сабақ болды. Тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін жете түсіндік. Бәріміз білетіндей, мыңдаған замандастарымыз бейбіт наразылықтарға әділ талаптар қойып шыққанын жақсы білеміз, - деді ол.  

Айтуынша, жұрттың бейбіт мақсаттағы шеруін арандатушылар мен қылмыстық топағылар өз мүддесіне пайдаланып кетті.

Соның салдарынан, жүздеген жазықсыз адамдардың қаны төгілді, көптеген отбасылар қайғы жұтты, тіпті, олардың арасында кішкентай балалар да болды. Еске алу ауыр, әрине. Осының бәрі ауыр болса да, "Тағзым" мемориалында айқын бейнеленген екен. Бұл тарихымыз үшін аса қажетті, қастерлі дүние деп білеміз. Еліміздің абыройы әрқашан асқақ, рухы биік болсын!, - деді Күрішбаев. 

Өзгелердің жаңалығы