Тарифтердің бағасын байланыс операторлары белгілейді - министрлік

15 Желтоқсан 2023, 16:21
597
Бөлісу:
Тарифтердің бағасын байланыс операторлары белгілейді - министрлік
Фото: BAQ.KZ - архив

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс операторлары бекіткен тарифтердің бағаларын реттеу жұмыстарына араласпайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Cоңғы айларды ұялы байланыс операторлары тарифтерден «шексіз интернетті» алып тастап, қызмет құнын көтерді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәселе операторлардың құзырында екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу жойылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабының 1-тармағына, сондай-ақ «байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды, - деді ол.

Айта кетейік, бағаны көтеру мәселесіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізеді. Агенттік өз құзыреті аясында сұрау салулар жолдап, бағалар мониторингін жасайды.

Өзгелердің жаңалығы