Тараздық тұрғыннан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

8 Желтоқсан 2023, 16:47
484
Бөлісу:
Тараздық тұрғыннан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жеке тінту кезінде оның күртесінен 92 дана көк түсті оралған затт табылылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында Жамбыл облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 25 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. 

Жеке тінту кезінде оның күртесінен 92 дана көк түсті оралған затт табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 47,86 грамды құрайтын Альфа PVP синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Сонымен қатар айғақтарды тексеру кезінде күдікті бұрын есірткі орамдарын жасырған орындарын көрсетті. 

Нәтижесінде Тараз қаласының Төле би көшесінің бойында және үш шағын ауданда жалпы салмағы 3,44 грамм Альфа PVP синтетикалық есірткі затының 7 орамы табылды.Барлық тәркіленген есірткінiң салмағы 51 грамм 3 миллиграмды құрайды. Бұл бір реттік 276 дозаны құрайды. Қара нарықтағы 1 грамының бағасы – 10-20 мың теңге. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚКБ бастығы Әлім Бажықбаев. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы