Тараздық өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуының алдын алды

7 Маусым 2023, 13:10
420
Бөлісу:
Тараздық өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуының алдын алды
PHOTO
Фото: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына Тараз қаласы, Сыпыра жырау көшесіндегі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел түрде 5 бірлік техника мен 21 адамнан тұратын қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары, сондай-ақ кезекші өрт сөндіру қызметі мен Апаттар медицинасы орталығы жіберілді.

Өрт сөндірушілер өртті тез арада сөндіруге кірісті және оны жарты сағат ішінде жойды.

Өрт сөндіру барысында өрт сөндіруші-құтқарушылар үйден сыймдылығы 20 литрлік 2 дана газ баллонын алып шықты. Нәтижесінде жарылыс пен өрттің бүкіл үйге таралуына жол берілмеді.

Өрттің ауданы 60 шаршы метрді құрады. Өкінішке орай өрт салдарынан шатыр, тұрмыстық заттар жойылды. Сонымен қатар, жақын маңда орналасқан моншаның төбесі зақымдалды.

Тараздық өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуының алдын алды

Айта кеткен жөн, өткен тәулікте өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері 42 шақыртуға шықты. Олардың көпшілігі қураған шөп пен қоқыстардың жануы. Жоғарыда аталған жағдайлар бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Осыған байланысты облыс пен қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды, ал үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көзінен ажыратуды, мүмкіндігінше қарттар мен балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеміз. Сондай-ақ, шомылу маусымының басталуына байланысты тұрғындардың назарын сақтық шараларын сақтауға және су көздеріне жақын маңда тұрған балаларды қатаң бақылауға аударамыз.

Еске саламыз! Өрт немесе өзге де төтенше жағдайлар туындағанда "101" және "112" телефон нөмірлеріне қоңырау шалу ақысыз негізде жүзеге асырылатынын еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы