Тараздық жастар дәрігерлерге алғыс білдірді

21 Шілде 2020, 03:46
1586
Бөлісу:
Тараздық жастар дәрігерлерге алғыс білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда "Jas Otan" қанатының белсенділері ақ халаттыларға арнап құнарлы тағам түрлері салынған 100 себет дайындады, хабарлайды "Хабар 24".

Бұл игілікті іс-шара "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясы аясында өтті.

Оларды ең алдымен коронавирус инфекциясы мен пневмонияға шалдыққан 200 науқас емделіп жатқан қалалық балалар ауруханасының ұжымына тарту етті. Қайырымдылық эстафетасын жергілікті кәсіпкерлер де қолдап, 5 ауруханаға 10 тонна құтыдағы ауызсу әкеп берді. 

Бұл акция ертең де жалғасатын болады. Жалпы қаламызда 5 ауруханада вирус жұқтырған тұрғындар жатыр. Солардың барлығына және көмек көрсетіп жатқан дәрігерлерге алғыс акциясын ұйымдастырамыз. Бұл акция аудандарда да өз жалғасын табатын болады. Келесі аптада кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен 50 оттегімен тыныс алу аппараты. Оны да бөлек табыстайтын боламыз, - "Jas Otan" ЖҚ ОФ төрағасы Болатбек Уәлихан.


Өзгелердің жаңалығы