Тараздағы медициналық клиникаға екі айыппұл салынды

Клиника тиісті ережелерді бұзғаны үшін айыпты деп танылды.

23 Шілде 2026, 17:41
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 23 Шілде 2026, 17:41
23 Шілде 2026, 17:41
188
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Тараздың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты медициналық клиникалардың біріне қатысты екі әкімшілік істі қарады.

Мекеме лицензиялық талаптарды және есірткі құралдары сақталатын үй-жайлардың техникалық беріктік ережелерін бұзғаны үшін айыпты деп танылды.

Тексеру кезінде не анықталды?

Сот анықтағандай, клиникада бөлек лицензиялық талаптар, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтауға арналған үй-жайларды жабдықтау талаптары сақталмаған. Атапайтқанда, тәулік бойы күзет, күзет дабылы және қажетті техникалық жарақтандыру болмаған. Клиниканың кінәсі іс материалдарымен, соның ішінде хаттамалармен, полиция қызметкерлерінің баянаттарымен және тараптардың түсініктемелерімен расталды.

Клиника қандай ұстаным білдірді?

Медициналық мекеменің өкілі кінәні мойындап, анықталған барлық бұзушылықтар қазіргі уақытта жойылғанын хабарлады. Ол сондай-ақ бұл пациенттерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетуге кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтіп, клиниканың қызметін тоқтатпауды сұрады.

Талқылау қалай аяқталды?

Сот кінәні мойындауды, өкінуді, бұзушылықтарды толық жоюды және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Қарау қорытындысы бойынша клиника Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша айыпты деп танылып, оған тиісінше 346 мың және 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот қаулылары әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Семейдегі стоматологияда тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалану фактісі анықталды.

Семей қаласындағы стоматологиялық клиникалардың бірінде Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптары бұзылған. Аталған бұзушылықтар медициналық қызмет көрсету кезінде міндетті талаптардың сақталуына жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша белгілі болды. Тексеру нәтижесінде пациенттерді диагностикалау және емдеу кезінде белгіленген тәртіпте міндетті салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарының қолданылғаны белгілі болды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Қазақстанда МӘМС мәртебесін тексеру жеңілдеді

Мектепте жаңа медициналық тексеру жүйесі енгізіледі

Қазақстандағы пластикалық ота жасайтын клиникалар қатаң тексеруден өтеді

Наверх