Тараздағы кафелердің бірінде белгісіз біреулер оқ атты

26 Ақпан 2022, 12:25
1532
Бөлісу:
Тараздағы кафелердің бірінде белгісіз біреулер оқ атты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Абай даңғылында орналасқан "Discovery" кафесінде болған.

25 ақпанында сағат 22:30 шамасында "102" нөмеріне "Discovery" кафесінде белгісіз тұлғалар арасында оқ атылғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Тараз қалалық ПБ.

Оқиға орнына жедел түрде кезекші жасақ пен қосымша қызметкерлер жіберілді.

Жараланған екі азамат ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқан жоқ. Жағдайдың анық-қанығы анықталып жатыр.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасауда.

 

Өзгелердің жаңалығы