Таразда «Zhambyl Economic and Investment» форумы өтеді

12 Сәуір 2023, 08:28
771
Бөлісу:
Таразда «Zhambyl Economic and Investment» форумы өтеді
Фото: primeminister.kz

Жамбыл облысында 2023 жылдың 26-27 сәуір күндері өңірдің аграрлы-индустриалдық жағдайын жақсартуға бағытталған халықаралық «Zhambyl Economic and Investment» форумы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форум нәтижесіне сәйкес, облыста бірқатар инвестициялық алып компаниялар химия өнеркәсібі, металлургия, фармацевтика, цифровизация, туризм және агроөнеркәсіп кешені салаларын қамтитын кәсіпорындар іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Халықаралық форумның Таразда ұйымдастырылуы – аймақтың инвестициялық және экономикалық әлеуеті үшін жаңа драйвер, тың серпін болмақ.

Өзгелердің жаңалығы