Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша балалар үйі мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері бойынша футбол чемпионатының жеңімпаздары Мадрид қаласына, әлемге танымал "Реал Мадрид" футбол клубымен кездесуге аттанады.
Осы турнирдің чемпиондары болып "Тұлпар" командасы атанды. Жеңімпаздар ата-ана қолдауынсыз қалған 11-14 жас аралығындағы Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдай орталығының тәрбиеленушілері.
Балалардың Испанияға сапары "Реал Мадрид" футбол клубымен кездесумен есте қалады. Сонымен қатар, олар Испания королінің сарайы, "Сантьяго Бернабеу" стадион мен мұражайы, және Қазақстанның Испаниядағы консулдығына саяхаттайды. Сапар 27 қазанға дейін жалғасады.
"Чемпионаттың басты мақсаты, балаларды ынталандыру және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетімдер арасында талантты футболшыларды дамыту болып табылады. Біздің қор бірнеше жыл жұмыс мәрте осындай бұқаралық спортты дамытуға көмек көрсетіп жатыр. Мәселен, бүкіл ел бойынша қазіргі заманғы спорттық және балалар ойын алаңдарын орнату бойынша жоба іске асырылуда, дарынды балаларға жол гранттары үлестірілуде, республикалық жазғы спартакиада өтті", - деді әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.Испанияның үздік клубтардың бірі "Реал Мадрид" футбол клубымен кездесу мүмкіндігі үшін Қазақстан бойынша жетім балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің арасында 10-13 қыркүйекте Алматы қаласында орталық стадион алаңында 12 мықты команда өзара бақ сынасты. Жалпы жоба бойынша 300-ге жуық футболшы балалардың атынан балалар үйлерінен өтінімдер қабылданды.