Таразда түзеу мекемесінде жоспарлы тінту шарасы өтті

22 Қазан 2020, 13:32
2130
Бөлісу:
Таразда түзеу мекемесінде жоспарлы тінту шарасы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайтын ЖД-158/2 мекемесінде (қауіпсіздігі орташа) түзеу мекемесінде жоспарлы тінту іс-шарасы өткізілді.

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚК, прокуратура, әскери полициямен әскери прокуратура, сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері және мекеменің жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен өткен шара барысында желілік емес «Лорент» құрылғылары және әскери бөлімнің 10 қызметтік иттері пайдаланылды. Айта кетейік, жоспарлы тінту шарасы кезінде мекемеде төтенше жағдай орын алған жоқ.

Таразда түзеу мекемесінде жоспарлы тінту шарасы өтті

Жүргізілген тінту іс-шарасы нәтижесінде, ЖД-158/2 түзеу мекемесінен 39 ұялы телефон, 14 зарядтағыш құрал, 12 құлаққап, 6 сим карта анықталды. Бұдан бөлек, жазасын өтеушілерді қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін 56 түйрегіш- кескіш заттар (пышақтар, қолдан жасалған кескіштер және т.б.) және қызметтік иттердің көмегімен ерекше исі бар 4 орама табылып, тәркіленді. 

Таразда түзеу мекемесінде жоспарлы тінту шарасы өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тыйым салынған заттардың мекемеге ену арналарын анықтау мен жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты. 

Тінту іс-шарасын жүргізудегі мақсат - мекемедегі сотталғандар арасында тыйым салынған заттарды анықтау болып табылады. Осы жұмыстардың арқасында сотталғандар арасында орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтардың немесе төтенше жағдайға соқтыруы мүмкін жағдайлардың алдын аламыз. Жалпы, түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды тасымалдау әрекеті де толастамай тұр. Осы ретте, мекеме қызметкерлерінің қызметіне кедергі келтіріп, заңбұзушылық әрекеттерге барған азаматтар жазасыз қалмайтынын ескертеміз. Ал туған-туысын заңбұзушылыққа итермелеген сотталғандар да тәртіптік жазаға тартылады, - деді Т.Жәнібеков.



Өзгелердің жаңалығы