Таразда тұрғын үйлердегі лифттер ауыстырылады

5 Қаңтар 2024, 04:28
390
Бөлісу:
Таразда тұрғын үйлердегі лифттер ауыстырылады
Фото: Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығы

Таразда тозығы жеткен 6 дана лифт «ТаразЛифтСервис» ЖШС-нің мердігерлігімен ауыстырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы, Тараз қаласы аумағында көппәтерлі тұрғын үйлерде жалпы 58 лифт орналасқан. Оның ішінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің теңгерімінде 29 жеделсаты тіркелген. Осы тұста ерекше атап өтерлігі, бөлім теңгеріміндегі лифттер Беларусь еліндегі «МогилевЛифтМаш» зауытынан шыққан және қазіргі таңда өндірістен алынып тасталған ескі үлгілер. Олардың пайдалануға берілген мерзімі 2009-2010 жылдар аралығы, жалпы қызмет ету мерзімі 25 жылды құрайды.

Бүгінгі күні бөлімнің теңгеріміндегі 29 лифттің тозығы жетсе, 27-сі ауыстыруды қажет етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар келер жылы да өз жалғасын таппақ.
Айталық, 2024 жылы 10 дана, 2025 жылы 11 жеделсатыны ауыстыру жоспарлануда. Осылайша, шаһардағы тұрғын үйлердегі лифтілер жаңаша кейіпке енбек.

Өзгелердің жаңалығы