ТЖМ құтқарушылары жылан аулады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, Тараз қаласы Бостандық көшесіндегі тұрғын үйден жылан байқалғаны туралы хабарлама 112 пультіне келіп түсті.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен бауырымен жорғалаушыны ұстап алып, елді мекеннен тыс қауіпсіз жерге жіберді, - делінген мәліметте.
ТЖМ жылан көрген жағдайда адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Жыланды өз бетінше ұстауға тырысу қауіпті.