Таразда тоғызқұмалақтан жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

21 Наурыз 2023, 12:51
740
Бөлісу:
Таразда тоғызқұмалақтан жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр
PHOTO
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Таразда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында ел чемпионаты өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әз-Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылуы өтті. 

20-27 наурыз аралығында өтетін чемпионатқа 17 облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 20 құрама команда қатысып жатыр. 

Таразда тоғызқұмалақтан жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

Бүгінгі күні чемпионаттың классика түрінен 350 ойыншы бақ сынауда десек, рапид және блиц түрлерінен тағы 50-ге жуық спортшы жарысқа түспек. 

Шараның салтанатты ашылуында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ  қауымдастығының  вице-президенті Батырбек Құлекеев,   спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов, тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Даулет Абдикаримов сөз сөйлеп, тоғызқұмалақ ойынының маңыздылығын атап өтті. 

Таразда тоғызқұмалақтан жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

Чемпионаттың бас төрешісі ретінде жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Ербол Нұрханов қызмет етуде. 

Таразда тоғызқұмалақтан жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

Айта кетейік, жарысқа Жамбыл облысынан 36 спортшы қатысып, аймақ намысын қорғауда. 

Өзгелердің жаңалығы