Таразда «Таза қала – таза жағалау» акциясы өтті

23 Сәуір 2023, 04:40
941
Бөлісу:
Таразда «Таза қала – таза жағалау» акциясы өтті
Фото: gov.kz

Таразда көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары, санитарлық-тазалық жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Таза қала – таза жағалау» акциясы аясында арық-атыздар, каналдар тазаланды.

Сондай-ақ бүгін Тараз қаласының барлық округінде мекеме-ұйым қызметкерлері мен қала тұрғындары сенбілікке шықты.

Сонымен қатар тұрғындар мен сала мамандары қаланы көріктендіру мақсатында Желтоқсан көшесінің бойына тал көшеттерін екті. Бүгінгі сенбілікте 110 түп шынар ағашы, 90 түп туя көшеті отырғызылды.

Айта кетейік, бұған дейін белгіленген аумақтарда жеміс ағаштары да егілген. Жалпы қала аумағында 6 мыңнан аса тал көшеттері отырғызылды.

Игілікті шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Өзгелердің жаңалығы