Таразда республикалық айтыс өтеді

Таразда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай республикалық айтыс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 26 Ақпан 2024 2024, 08:06
26 Ақпан 2024 2024, 08:06
1340
Фото: скрин

Таразда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай республикалық айтыс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өтеді. Айтыс облыстың 85 жылдығын мерекелеу аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай ұйымдастырылуда.

Жыр додасына республиканың барлық аймағынан 16 ақын қатысады. Айтыс жүргізушісі – белгілі ақын, Парламент депутаты Аманжол Әлтаев.

Айтыс 1 наурыз күні А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өтеді.

Наверх