Таразда құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Бөлісу:
Таразда құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Фото: gov.kz

Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараз қаласында жеке тұрғын үйдің аумағында 40 шаршы метр алаңда шаруашылық құрылыс шатырының жануы орын алды.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт орнынан қауіпсіз аймаққа 4 газ және 1 өттегі баллоны шығарылып, жарылысының алды алынды. Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Үй қожайыны шынайы алғыстарын білдіруде.

Өзгелердің жаңалығы