Таразда полицейлер жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдіктіні ұстады

6 Қараша 2024, 18:10
316
Бөлісу:
Таразда полицейлер жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

Таразда полицейлер жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Тараздағы ұялы байланыс операторының ғимаратына жарылғыш құрылғыны қойып кеткенін хабарлаған күдіктіні ұстады. 

Шұғыл түрде Жамбыл облысы полиция департаментінің арнайы саперлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ ҰҚКД, ТЖД қызметкерлері аталған орталық ғимаратын тексеріп, ешқандай жарылғыш зат анықтамады. 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл ауданының таулы алқабындағы шаруа қожалығынан 42 жастағы азаматты анықтап, ізін суытпай ұстады. Одан айғақ зат ретінде ұялы телефоны тәркіленіп, қамауға алынды, - делінген ақпаратта. 

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты 5000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Өзгелердің жаңалығы