Таразда нан бағасының қымбаттап кету себебі түсіндірілді

2 Қараша 2023, 12:50
1163
Бөлісу:
Таразда нан бағасының қымбаттап кету себебі түсіндірілді
Фото: Сауда комитеті

Таразда 1 бөлке нанның бағасы 100 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 қараша күні Тараз қаласында 1 бөлке нанның бағасы 100 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілуіне орай Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қызметкерлері тарапынан шұғыл түрде мониторинг жүргізілді, - делінген Сауда комитеті таратқан хабарламада.

Мониторинг барысында кәсіпкерлердің өз бетінше жергілікті атқарушы органдарға ескертпестен нан бағасын өсіруі анықталды.

Аталған жағдайға байланысты шұғыл түрде облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің төрағалығымен, құзырлы органдардың, кәсіпкердердің қатысуымен жиын өткізілді.

Осыған орай кәсіпкерлермен 1 бөлке нанның бағасын 100 теңгеден ұстап тұру келісілді.

2 қарашадан бастап сөрелерде 1 бөлке нанның бағасы 100 теңкеден сатылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы