Таразда мұз айдыны мен бокс орталығының құрылысы басталды

8 Шілде 2021, 08:57
2435
Бөлісу:
Таразда мұз айдыны мен бокс орталығының құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты түрде капсула салу рәсіміне қатысып, мұз айдыны мен бокс орталығының құрылысын бастап берді, деп хабарлайды облыс әкімнің баспасөз қызметі.

Мұз айдыны 2000 орынға есептелген. Мұнда жергілікті билік әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге ниетті. Арена 2022 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал Бокс орталығының құрылысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізілуде. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайды.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов «Тараз-Арена» спорт сарайының жанындағы спорт қалашығын одан әрі кеңейте түсу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Мұнда халықаралық стандарттарға сай келетін жеңіл атлетика манежі, теннис корты, үстел теннисі және көркем гимнастика орталығы салынады, – деді Арман Әбдешов.


Өзгелердің жаңалығы