Таразда қатты жел үйлердің шатырын жұлып әкетті

19 Ақпан 2021, 22:52
1592
Бөлісу:
Таразда қатты жел үйлердің шатырын жұлып әкетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында қатты жел соғып, үйлердің шатыры ұшып кеткен. Соның салдарынан жеңіл автокөліктерге айтарлықтай шығын келді.

Бейнежазба қадрларынан құлаған ағаштарды да көруге болады. Қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, қала тұрғындарынан автокөліктерін қауіпсіз орындарға ауыстыруды сұраған. Десе де Instagram желісінде үйдің шатыры көліктерге қалай құлағаны туралы видеолар тарап кетті.

Қатты желден №16 үйдің шатыры ұшып, №14 үйге қарама-қарсы тұрған көліктердің үстіне құлады. Абай болыңыз, – дейді қыз видеода.



Өзгелердің жаңалығы