Таразда инклюзивті білім берудің тың тәсілі қолға алынды

3 Сәуір 2022, 17:49
1786
Бөлісу:
Таразда инклюзивті білім берудің тың тәсілі қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Таразда инклюзивті білім беру алғаш рет арнайы сайт арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тың жобаны №3 мектеп-лицейінің ұстаздары қолға алып отыр. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар осы арқылы қашықтан білім ала алады. Бұған шетелдік ұстаздар қызығушылық танытып, онлайн тәжірибе алмасу басталды. 

Халықаралық шараға Латвия, Литва, Германия педагогтары қатысып ерекше балаларға білім берудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Бұл бағыттағы жұмыстарға бірнеше қайырымдылық қор тартылып жатыр. Қазір аймақтағы 444 жалпы білім беретін мектептің  88 процентінде осы категориядағы балалар үшін жағдай жасалған.  

Халықаралық әріптестермен балалар жылы аясында балаларды білім беру мәселелері. Оның ішінде бүгінгі таңда өзекті болып отырған мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша пікір алмасып, біздегі балаларға деген қарым-қатынасымыз қандай. Біз оқушыларды неге үйретеміз, оларды сауықтыру үшін қандай жұмыстар жасап жатырмыз? Дәл осындай методология шетелде қалай жүзеге асып жатыр осыған қатысты өзара тәжірибе алмасу жүріп жатыр, – деді №3 мектеп-лицей директоры Зәуре Әбдірәсілова.

Өзгелердің жаңалығы