Таразда ер адам аурухананың екінші қабатынан құлап кетті

23 Сәуір 2020, 14:52
1382
Бөлісу:
Таразда ер адам аурухананың екінші қабатынан құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анықталғандай ер адам 2013 жылдан 2015 жылға дейін "созылмалы алкоголизм" диагнозымен наркологиялық есепте тұрған.  Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

22 сәуір күні Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына провизорлық стационардың әкімшілік ғимаратының екінші қабатынан емделушінің құлап, есін жимастан қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Одан алынған COVID-19-ға талдау теріс нәтиже берген. Стационардан қашып кетуге тырысып, 42 жастағы өзін агрессивті ұстаған ер адам екінші қабаттың терезесінен шығып, асфальтқа құлап кеткен, - делінген хабарламада.
Дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Өзгелердің жаңалығы