Таразда екі өзбекстандықты құлдықта ұстаған күдікті құрықталды

19 Желтоқсан 2023, 20:13
787
Бөлісу:
Таразда екі өзбекстандықты құлдықта ұстаған күдікті құрықталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Тараз қаласы Полиция басқармасының 2-полиция бөліміне 24 және 40 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтарынан еңбекті пайдалану дерегі бойынша арыз түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы ПД мәлім еткендей, арызда жәбірленушілер ер адам олардың жеке басты куәландыратын құжаттарын алып қойып, Тараз қаласындағы құрылыс нысандарында жұмыс істеуге мәжбүр еткенін көрсетті. Олар қашып үлгерген, алайда иелері құжаттарын қайтару үшін ақша бопсалаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 126-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағымен (Заңсыз бас бостандығынан айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтады. Ол талап еткен шамамен 500 мың теңге көлеміндегі ақшаның 200 мың теңгесін алған кезінде ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Құрықтау барысында одан 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат, «Редми-7» маркалы ұялы телефон және құжаттар тәркіленді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы