Таразда бұрын сотталған 45 жастағы есірткі сатушы ұсталды

7 Ақпан 2023, 19:45
1170
Бөлісу:
Таразда бұрын сотталған 45 жастағы есірткі сатушы ұсталды
Фото: скрин

Күдікті бұрын есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін сотталған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп "Мерседес" маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Тінту кезінде полицейлер автокөліктің жүк салғыш бөлігінен 45 жастағы «саңырау-мылқау» жолаушыға тиесілі спорттық сөмкенің ішінен ерекше иісі бар есірткіге ұқсас зат табылды.

Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 6 келі 30 гр "кептірілген марихуана" және 12 бумада оралған салмағы 412 гр 900 мгр болатын "гашиш" есірткі заты болып шықты.

Ер адам есірткі заттарын Шымкент қаласының аумағында сатпақ болған. 

Күдікті бұрын есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін сотталған болатын. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау). Осы баптың санкциясына сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - деді полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Өзгелердің жаңалығы