Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің EDU NEWS Telegram-каналында хабарланды.
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде студент-педагогтарды ынталандырудың жаңа жүйесі ретінде 100 студентке олардың мәртебесіне қарамастан (грант алушы немесе келісімшарт негізінде) айына 10 АЕК мөлшерінде арнайы шәкіртақы тағайындау белгіленді.Егер студенттің GPA деңгейі жоғары болса, қоғамдық өмірге белсенді араласса және мұғалім болуға ықыласы мен ұмтылысы қарқынды болса, онда әрбір студенттің жоғарыда аталған шәкіртақыны иеленуіне толық мүмкіндігі бар, - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.