Таразда «магнит бала» тұрады

20 Қаңтар 2019, 11:52
3158
Бөлісу:
Таразда «магнит бала» тұрады

Алматы, BAQ.KZ. Таразда бойында магниттік тартылыс күші бар «Магнит бала» тұрады. 

Темірден жасалған кез келген кішігірім заттарды бала денесіне жақындатқанда, магнитке қойғандай жабысып қалады. Әуелі ас қасықтарын кеудесінде ұстап тұра алған Нұрдәулеттің бұл қабілеті күн санап артып келеді, деп хабарлады «Хабар-24».

10 жасар Нұрдәулет Тараз қаласындағы нөмірі 29-мектептің үшінші сыныбында оқиды. Бойындағы ерекше қасиетті ең әуелі атасы 6 жасында байқапты. Теледидардан темір металдарды жапсырып жатқан қарияны көріп, немерісіне тәжірибе жасаған. Ерекше дарыны жақындарын таңқалдырған. Әуелі де жеңіл темірлерді жабыстырып көрген ол бүгінде ұялы телефон, планшет, үтік сияқты ауыр заттарды да кеудесінде ұстап тұра алады.

«Атам екеуіміз телевизор көріп жатқанда бір апа өзінің үстіне темір заттар жабыстырып жатыр екен. Одан ата маған жабыстырып көрейік деп, қасық әкеліп маған жабыстырды», - деді қала тұрғыны Нұрдәулет Арыстанбек.

Баланың денесіне темірдің жабысып қалуынан бастапқыда ата-анасы қатты қорықыпты. Дәрігерге тексертіп, денсаулығынан кінәрат таппаған. 

«Бұл қасиетті физикалық тұрғыдан түсіндірсек, Бенжамин Роджерс деген ғылыми сыншы магнит компастың көмегімен адамның магнит өрісін зерттеген, бірақ ондай өрісті байқамаған. Соны  көптеген ғалымдар терінің жабысқақтығымен түсіндіреді», - дейді физика пәнінің мұғалімі Сәкен Әлжанов.  

Фото: inform.kz

Тараздық магнит бала атанып кеткен Нұрдәулет, өскенде атақты футболист болуды армандайды. Ата-анасы мен жақындары алғыр баланың болашағынан мол үміт күтеді.
Өзгелердің жаңалығы