Тараз полицейлері 1,5 млн теңгенің ұрлық дерегін ашты

8 Қараша 2023, 17:07
695
Бөлісу:
Тараз полицейлері 1,5 млн теңгенің ұрлық дерегін ашты

Ағымдағы жылдың 3 қарашасында «102» арнасына 57 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Әйел сағат 9.30-дан 13.00-ге дейін үйде болмағанын және осы уақытта ұрлық болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгісіз адам жатын бөлмесіндегі шкафтан 120.000 теңге сомасындағы ақша қаражатын және алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жалпы шығын 1 410 000 теңге.

Аталған дерекке қатысты ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ер адам кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы