Тараз: коронавирус жұқтырған адам анықталды деген ақпарат жалған

18 Наурыз 2020, 03:15
1491
Бөлісу:
Тараз: коронавирус жұқтырған адам анықталды деген ақпарат жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Әлеуметтік желіде Таразда коронавирус анықталғандығы туралы тараған ақпарат жалған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp-тағы "Таразға Мәскеуден ұшып келген ұшақтағы әйелден коронавирус табылды", сондай-ақ "Алтыншы шағынауданда бір отбасын 6 баласымен карантинге қамап қойыпты" деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз, - делінген ведомство хабарламасында.


Сонымен қатар полиция департаменті азаматтарды жалған хабарламаларды таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.


Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік заңмен белгіленгенін ескертеміз. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес «Бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату» үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға болмаса үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - дейді ПД баспасөз мәлімдемесінде.


Өзгелердің жаңалығы