Тараз қаласының автопаркі жаңарды

7 Шілде 2021, 08:45
1379
Бөлісу:
Тараз қаласының автопаркі жаңарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «City busһ» ЖШС жолаушылар тасымалының жайлылығы мен қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес келетін Golden Dragon маркалы он екі жаңа автобус сатып алды. 

Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық алаңда жаңа автобустардың кілтін тапсыру шарасы өтті.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа автобустар қала тұрғындарына №8 бағыт (Small супермаркеті – мөлтекаудандар – Жамбыл даңғылы – Төле би даңғылы – Қазыбек би көшесі – Абай даңғылы – Көшеней көшесі) бойынша қызмет көрсетпек. Ескі автобустар диагностикадан өтіп, жөнделіп, басқа бағыттарға шығатын болады.

Қоғамдық көлік мәселелері туралы бекерге айтылып жүрген жоқ. Қарбалас уақыттарда автобустар шамадан тыс толатыны белгілі. Тұрғындар үнемі әлеуметтік желілерде үнемі шағымданып, облыс орталығына кең, сыйымды автобустардың жетіспейтінін жазып келеді, - деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа көліктерді таныстыру барысында.
Аймақ басшысы тариф көтерілген кезде тасымалдаушылар қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасын да арттыру бойынша да шаралар қабылдауға міндеттелгенін еске салып өтті.

Сондай-ақ егер тасымалдаушылар субсидия алғысы келсе, онда адал және ашық жұмыс істеу керектігін баса айтты.
Барлық ескі, тозған автобустарды ауыстыру керек. Біз Тараздың туристер үшін тартымды орталыққа айналғанын қалаймыз. Ал қонақтар үшін ыңғайлы логистиканы қамтамасыз ету – аса маңызды, – деді өңір басшысы.
«City bus» ЖШС өкілі Нұрлан Елшібаевтың айтуынша, сыйымдылығы 90 адам болатын 12 метрлік жаңа автобустар кондиционерлермен, бейнебақылау камераларымен (әр автобуста 7 бейнекамера), пандустармен, GPS навигациялық жүйесімен жабдықталған.
Өзгелердің жаңалығы